Жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды — заңгер жауап берді

02.06.2024, 16:42
1110
Жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды — заңгер жауап берді tengrinews.kz

Көшеден әскерге ұстап әкету қаншалықты заңсыз? Заңгер ақ-қарасын ажыратып берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, заңгер Жандос Мақсатов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жастарды әскерге көшеден ұстап алып кету қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Ulysmedia.kz мәлімдеді.

Әскери комиссариат қызметкерлері сізге келіп, құжаттарыңызды тексерген кезде олардың арасында міндетті түрле әкімдік қызметкері, учаскелік полиция қызметкері жәре әскери комиссариаттың өз қызметкерлері болуы керек. Олардың бәрі міндетті түрде формамен жүруі тиіс. 

- Сіз студент болмасаңыз, яғни әскери қызметті кейінге шегеруге құқығыңыз болмаса, үш күннің ішінде әскери комиссариатқа келу жөнінде шақырту құжатын беріп, олар сізді жіберуі тиіс, - дейді ол. 

Заңгердің айтуынша, осынлай тексеру кезінде әр қызметкердің өзіндің функционалдық міндеті болады. Яғни, сол жердегі учаскелік полицей заңның сақталуын қамтамасыз етеді. Полиция қызметкері өзінің базасы арқылы тексерілген адамның мәліметтерін тексереді. Ал әскери комиссариаттың қызметкері азаматқа әскери комиссариаттан шақырту келді ме, келмеді ме - соны тексереді. 

— Келесі жолы сізді көшеде тоқтатқан кезде повестка беріп, сізді жіберу керектігін ұмытпаңыздар, - дейді ол.

Әлеуметтік желіде кешелі бері жас жігіттердің полиция қызметкерлерімен дауласқан видеосы тарап жүр. Астанада болған дауға тәртіп сақшыларының жастарды әскери комиссариатқа жеткізбек болған әрекеті себеп болған. Алайда жиналған жастар бұған келіскісі келмеген.

Мұндай жайттар елдің басқа өңірлерінде де кездеседі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады