Алматыда алғаш рет тасжол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді

03.06.2024, 17:59
440
Алматыда алғаш рет тасжол веложарысынан Азия чемпионаты өтеді olympic.kz

Бүгінде Азияның 27 елі жарысқа қатысуға өтінім жіберген.

5 маусымда Алматыда алғаш рет тасжол веложарысынан элита өкілдері, андерлер, жасөспірімдер мен параспортшылар арасында Азия чемпионаты өтеді.

Сондай-ақ, Masters санатындағы велошабандоздар арасында да сайыс болады.

ҚР тасжолдағы велоспорттан аға жаттықтырушысы Даниил Фоминых Азия біріншілігінде өнер көрсететін андерлер мен ер адамдардан құралған шабандоздарды атады. Бапкердің айтуынша, бұл жолы еліміздің намысын ең мықты деген спортшылар қорғайды.

Андерлер арасындағы жарыс. Жеке жарыс бойынша Ремхе Андрей қатысса, топтық жарыста Николя Винокуров, Руслан Алиев, Рудольф Ремхе, Андрей Ремхе қатысады. Элита өкілдері арасындағы жарыс. Эстафетаға Евгений Федоров, Дмитрий Груздев, Игорь Чжан сынды спортшылар қатысады.  

«Өкінішке қарай биыл Азия чемпионаты басқа ірі халықаралық жарыстармен тұспа-тұс келді. Сондықтан Astana Qazaqstan Team шабандоздары бос емес. Азия чемпионаты-2024 өткізу мерзімі сәл кейінірек жарияланғандықтан, Париждегі Олимпиадаға дайындық аясында Луценкода қазақстандық велокоманда құрамында жарыстар жоспарланған болатын», – деп айтты Даниил Фоминых.

Азия чемпионаты Халықаралық велосипедшілер одағының (UCI) қағидаларына сәйкес өткізіледі. Спорттық іс-шараның ұйымдастырушысы – Алматы қаласы әкімдігі, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігінің спортты дамыту дирекциясының қолдауымен Қазақстан велосипед спорты федерациясы (KCF). Бас серіктес – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ. Серіктестер: Sport Qory спортты қолдау қоры, «Аллюр» компаниялар тобы» АҚ.

 Ауқымды іс-шара 12 маусымға дейін жалғасады.

Мұхтар Шахановтың жұбайы Розалинда Шаханова өмірден озды Ресей елдегі шетелдіктердің ақша аударымдарын қадағаламақ Франция Қазақстан үшін виза режимін жеңілдетуді қолдады Ақтау қаласында көшені кеш бата салысымен шибөрілер кезетін болған (ВИДЕО) Жетімге тиесілі баспанада Ертіс ауданы әкімінің орынбасары тұрған Жаңаөзенде 11 сынып оқушылары шетелге оқуға түскен сыныптасын көре алмай оны ұрып тастаған Зеленский Қытайды Ресейге қару-жарақ жеткізді деп айыптады, кейін Путин Тоқаевпен байланысты Атырау маңында КамАЗ аударылып, ішіндегі мұнай жерге төгілді 13 жасар мектеп оқушысы мұғалімнің басынан балғамен ұрып, мектептен қашып кеткен (ВИДЕО) 18 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды «Пися» деп жазып қойған»: танымал блогер Дарикорнның жарнамасының кесірінен бала мазаққа ұшыраған Танымал актриса Гүлмира Жакилина қызын өзге ұлтқа ұзатқанын ашып айтты «Тамағымды ішкен сайын рақмет айтпайды»: Жазира Байырбекова жұбайымен арасы туралы айтты «Зәкең бай болған жоқ»: Мақпал Жүнісова не себепті 20 жас үлкен адамға күйеуге шыққанын айтты «1,5 млн талап етіп жатыр»: Асхат Садырбай бұрынғы әйелін сотқа берді Танымал футболшы 11-қабаттан құлап қайтыс болды «Миы шайқалып, жамбасына пышақ сұққан»: Нұрқанат Ғайыпбаевтың қанды оқиға күні қандай жарақаттар алғаны белгілі болды «Шаншу-кесуге арналған зат»: Сотта Шерзат өлімінің негізгі себебі белгілі болды Кетчуп пен нан деп мазаққа қалған Димаш Құдайберген жерлестерінің «орынсыз» әзіліне жауап берді Жаңаөзендік келіншек ұлына нашар тәрбие бергені үшін сот алдында жауап берді