«Жап-жас болып күйеуге тиюдің қажеті жоқ»: танымал коуч қыздарға кеңес берді

04.06.2024, 09:06
476
«Жап-жас болып күйеуге тиюдің қажеті жоқ»: танымал коуч қыздарға кеңес берді rozaashirbayeva

Оның айтуынша, қыздар ерте тұрмыс құрудың орнына білім алып, жұмыс істегені абзал.

Коуч әрі блогер Роза Әшірбаева қыздарға тым жас кезде тұрмысқа шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, қыздар ерте тұрмыс құрудың орнына білім алып, жұмыс істегені абзал.

"Менің ойымша, қыздарға кемінде 25 жасқа дейін қарым-қатынастың қажеті жоқ. Себебі білім алу керек, жұмыс істеу керек, тәжірибе болуы керек. Қарым-қатынаста бола тұрып білім алу үшін қыздарға жағдай жасалмайды. Кейбір қыздарға жағдай жасалады, кейбіріне жасалмайды. Тұрмысқа шықты ма, болды, ол тұрмысқа кіреді. Ол сол үйдің бүкіл тірлігіне кіреді. Егер екі студент үйленсе жігіт барып жүрген сабағына барып, кете береді. Тойдың ертесінде жігіт сол киімін киіп, сабағына кете береді. Ал қыз үйде ыдыс жуып қалады. Яғни екеуінде мүмкіндік екі түрлі. Қыз бала аса білім алмайды, ары қарай жұмыс істемейді. Бір баламен тоқтамайды, бірнеше бала болады, ал көзді ашып-жұмғанша 30-ға келеді. Ол бұған дейін жұмыс істеп көрмеген, ақша тауып көрген жоқ. Ал жігіт білімін алды, дипломын алды, магистратура оқыды, жұмыс істеді, тәжірибе алды, оның қоғамда орны бар, қызда жоқ. Бірақ түбінде ер адам ажырасамын десе, басқа біреуді сүйіп қалса, ұрса қыз кете алмайды. Сондықтан айтарым, жап-жас болып күйеуге тиюдің қажеті жоқ", – дейді Роза Әшірбаева JUZ40 ONLINE Youtube-арнасына берген сұхбатында.

Рим папасы Путин мен Зеленскийге келіссөзді Ватиканда өткізуді ұсынды Атыраулық еркек бес жыл бойы өгей қызын зорлап келген «Соғыс тоқтамайды»: Украина мен Ресей арасындағы келіссөз екі сағатқа да созылмады Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады Ақтөбеде бизнесмендерді бопсалаған «Антикор қызметкері» ұсталды Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды «Қыздың бәрін ғашық қылған»: Тамара Асар тәлімгер Мұхамеджан Тазабектің серілігін айтты (ВИДЕО) «Мәдинаға келіп-кетіп жүретін»: марқұм әншіге Болат Назарбаев зәулім үй сыйлағаны белгілі болды Free Fire алаяқтығы: Шымкенттік оқушы «үздік» ойын аккаунты үшін 2 миллион теңгеден айырылған Назарбаев мектебіне түскен оқушы қуаныштан жылап қалды (ВИДЕО) «Шоколад орнына телефон»: Павлодардағы түрмеге телефон жасырып кіргізбек болған Астанада жеңіл көлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті Жапонияда қылмыстық топ құрған өзбек жігіттер ұсталды (ВИДЕО) Ұлыбритания Ресейге қарсы санкцияларды күшейтуге шақырды «Шерзатты шатастырып ұрып кетіппін»: Сотта күдікті Белқожаев жауап беріп жатыр «Көзінің ішінде оқ бар»: Ақтауда 11-сынып оқушысын жасөспірімдер атып кетті «Келесі күні мектепке бардым»: Айыпталушы жасөспірім Шерзаттың отбасынан кешірім сұрады Танымал балуанның үйінде құлдықта болдым деген Мұқанның ісі тоқтатылды «Ақшаны алмадым»: Жамбылдық әйел асырап алған баласын оқтаумен ұрған Трамптың он бірінші немересі дүниеге келді