602

Түркістан облысында адам өлтірген күдікті 13 жылдан соң қолға түсті

Жедел уәкілдер бұрын сотталған 46 жастағы ер адамды Шымкент қаласында ұстады. Күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысында адам өлтірген күдікті 13 жылдан соң қолға түсті
ҚазАқпарат
 

2011 жылы валюта айырбастаумен айналысатын Жетісай ауданының тұрғынына қарақшылық шабуыл жасаған ер адам жәбірленушіні өлтірген. Содан қалтасындағы 5 мың АҚШ долларын алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Сол кезде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Тіпті, полиция базар маңынан күдіктінің мотоциклін тауып, заттай дәлелдемелерді тәркілеген.

«Полиция 13 жыл бойы жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатпай жүргізіп, күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз әрекетін толық мойындады. Қылмыстық істің жинақталған материалдары заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды» делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.