«Тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпесін»: Нұрлан имам енесімен шығыса алмайтын келіндерге ақыл айтты

04.06.2024, 19:06
1970
«Тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпесін»: Нұрлан имам енесімен шығыса алмайтын келіндерге ақыл айтты kyn.kz

Имам бір-бірімен шығыса алмайтын ене мен келіндерге ақыл айтты. Сонымен бірге тырнақ өсіретін келіндерге тілдерін қысқартып жүруді ескертті.

Танымал Нұрлан имам қазіргі көп келіндердің көз жасына енелер кінәлі деп айыптады. Айтуынша, келіннің өмірін тозаққа айналдыратын аналар көбейіп бара жатыр. Сондай-ақ, келіндерге де ескерту айтты, деп хабарлайды KYN.KZ сайты.

«Қазіргі көп жылаған келіндердің түбінде енелер бар. Көп енелердің келінге қиянаты көп. Балалардың отбасына араласып, ыдыс-аяққа араласып, туысқандарға жамандайды. Сөйтіп келіннің өмірін тозаққа айналдыратын енелер көбейіп бара жатыр. Балаңызды тым шектен жақсы көрсеңіз де оны түбі сіз бақпайсыз. Келінін 3-4 баламен қаңғытып жіберетін енелер де бар. «Бала белде, қатын жолда» деген ақымақ сөздері бар. Осылай біреудің обалына қала берген дұрыс па? Балаңызды жақсы көріңіз. Бірақ оны келіннен қызғанып, дұшпан қылып аласыз. Құдайда сізді сол келіннен қолына сүмірейтіп қаратып қояды. Сондықтан жамандамаңыздар. Одан келін өзгермейді. Жақсы келін қалайсыз ба, жақсы ата-ана бола біліңіз. Хатты қарап отырсақ, жылаған, боздаған, қайғырған келіндер көп. Сөздің соңы келінге міндеттісің деуден шығыңыз. Ешкім ешкімге міндетті емес», - дейді имам.

Бұдан бөлек, ол енелерге келінді тәрбиелемеуді және оған ақыл айтуды қою керектігін айтты. Сондай-ақ, кейбір кезде келіндерде де кінә барын атап өтті.

"Келіндерге де айтамын тырнақпен бірге тілдеріңіз өсіп кетпеуі керек. Таяқтың екінші жағы бар. Келіндерден де бар кішкене. Тырнақты өсірген кезде мына тілді де өсірмеңіздер. Мінезді де басуға тырысыңыздар. Содан кейін жігітке де айтқым келеді. Таңдап алған әйеліңізді ешкімге жығып бермеңіздер", - дейді Нұрлан имам.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)