Астанада банк қызметкері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясын бүлдірген

05.06.2024, 20:22
313
Астанада банк қызметкері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы операциясын бүлдірген ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі

Елордада сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргiзуге кедергi жасау фактісі бойынша банк қызметкеріне қатысты іс қаралды (Қылмыстық кодекстің 407-бабының 3-бөлігі).

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының хабарлауынша, Б. өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде, сотқа дейінгі тергеуден түскен сауалда танысы туралы мәліметті көрген. Кейін ол танысы К.-ге қоңырау шалып, қылмыстық іс бойынша оның туысына қатысты келіп түскен мәліметтен хабардар еткен.

Б-ның (банк қызметкері) әрекеті салдарынан Ұлттық қауіпсіздік органдарының Астана қаласына атыс қаруы мен оқ-дәрілерді жеткізу жолын кесуге бағытталған арнайы операцияның бұзылуына жол берілді.

«Б. өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қызметіне қасақана араласқан. Бұл ұлттық қауіпсіздік органдарының қылмыстық істің алдын алуға бағытталған операциясының жүзеге асуына қауіп төндірді. Сот талқылауы барысында сотталушы кінәсін мойындамады, қорғаушы тарап оны ақтауды сұрады», - делінген сот таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, сотталушының жас балаларының болуы қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде танылған және қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жай анықталмаған.

«Сотталушының кінәсі куәгерлердің айғағымен, сот сараптамалары және мамандардың қорытындысымен дәлелденді. Сот үкімімен Б. 1 жыл мерзімге банк қызметі саласында белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 1 жылға бас бостандығы шектелді», - дейді қалалық соттан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек? Танымал блогер қыз желіде тараған «жалаңаш видеоның» экспертиза қорытындысы шықты (ФОТО)