Орал қаласында 13 жасар қызды зорлағандар сотталды

06.06.2024, 09:52
699
Орал қаласында 13 жасар қызды зорлағандар сотталды canva.com

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Р-ға, сондай-ақ кәмелетке толмаған М., А., Н. және Қ-ға қатысты үкім шықты.

 

Соттан түскен мәліметке қарағанда, сотталушылардың бәріне ҚР ҚК 293-бабы 4-бөлігіне (зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау) сәйкес айып тағылды. 

Оған қоса А. мен Н. ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі 1-тармағы (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау), Қ. ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету), сондай-ақ 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (көлік құралына заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасалған ұрлық), А. және М. ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (көлік құралына заңсыз кiрумен адамдар тобының алдын ала сөз байласулары арқылы жасалған ұрлық) бойынша айыпталды. Сонымен қатар А. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас қызға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді (ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі) жасаған.

Сотта анықталғанындай, өткен жылы 11 мамырда сауда үйінде темекі тартып келе жатқан Н. өзіне ескерту жасағаны үшін В-ға А. екеуі дене жарақаттарын салған. 

23 мамырда Қ. «Лада» автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп, көлік иесіне 725 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген. Алты күннен кейін ол «Hyundai” маркалы автокөлігіне заңсыз кiріп, 1 млн астам теңгені жымқырған. 

10 маусым күні А. мен М. «Фольксваген»» автокөлігіне заңсыз кіріп, 130 мың теңге тұратын ұялы телефонды ұрлаған. 

11 маусым күні сотталушылар жалдамалы пәтерде жас қызды зорлаған. 

Сот үкім шығарған кезде сотталушылардың жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, ауырлататын мән-жәйлардың жоғын, М., А., Н. және Қ.-ның қылмыстарды жасаған кезде олардың кәмелетке толмағанын ескерді.

Сот үкімімен Р. 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Кәмелетке толмаған М. мен Н.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жыл 6 айға, А. және Қ.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды