512

Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Швеция Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавтқа Швеция Корольдігінің Ұлттық күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

– Біз Швециямен арадағы қалыптасқан серіктестік қатынастарды жоғары бағалаймыз әрі достас екі елдің игілігі жолындағы байланыстарды тереңдетуге ниеттіміз. Осынау айтулы мереке күні Сізге бақ-береке тілеймін және Швеция халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.