1037

Алматы бюджеті 30% - ға өсті

Алматыда жыл басынан бері жергілікті бюджет кірісі 30% - ға өсті. Бұл туралы қалалық қаржы басқармасы мәлім етті.

Алматы бюджеті 30% - ға өсті
canva.com

Жергілікті бюджетке 33,5% өсіммен 719,7 млрд теңге кіріс түсті. Бұл шағын және орта бизнес өсімі есебінен корпоративтік салықтың 49,4% - ға ұлғаюына байланысты. Сондай-ақ, әлеуметтік салық бойынша түсімдердің 52% - ға өсуі қамтамасыз етілді. 

Қаржы басқармасы атап өткендей, Алматының мемлекеттік бюджетке қосқан үлесі 28,6 пайыз болды. 2024 жылғы наурызда қала бюджеті 103,6 млрд теңгеге 1 726,2 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.

2023 жылы қала экономикасы 10,1 пайызға өсіп, 24,8 трлн теңгеге жетті. Бұл кейінгі 10 жылдағы рекордтық көрсеткіш. 

«Экономиканың қарқынды дамуы жұмыссыздық деңгейін 2022 жылғы 5,0%-дан 2023 жылы 4,8%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Жалпы, Алматы қаласының Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі үлесі 20,6%-ға дейін өсті», - деп атап өтті Алматы қаласы әкімдігінен.