Тимур Құлыбаев Құлсарының зардап шеккен тұрғындарына 30 миллиард теңге аударды

06.06.2024, 16:44
976
Тимур Құлыбаев Құлсарының зардап шеккен тұрғындарына 30 миллиард теңге аударды ашық дереккөзден

Тимур Құлыбаев құрған қор азаматтардың шотына ақша аударып жатыр деген ақпарат пайда болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, табиғат апатынан зардап шеккен құлсарылық 984 адамға Тимур Құлыбаев құрған «Халық» қоры көмек көрсетті. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Ол осы мақсаттарға 30 миллиард теңге бөлді. Бұл қаражаттың барлығы азаматтардың есепшотына аударылады. Жаңа тұрғын үй салуға немесе бұрынғы үйлерді жөндеуге жұмсауға бағытталды.  Жергілікті орган келіп түскен өтініштер бойынша  шығынға ұшыраған адамдардың тізімдерін берді. Оны бағалауды тәуелсіз сарапшылар жүргізді.

Құлсары тұрғындарына көмек көрсету бастамасын Халық банкі қызметкерлері тез арада жүзеге асырып, зардап шеккен азаматтардың арнайы шоттарына қаражатты рекордтық мерзімде аударды. Ол үшін олар аптасына жеті күн бірнеше ауысымда жұмыс істеді.

«Мен «Халық» қайырымдылық қорының зардап шеккендерге ақша бөліп жатқанын естідім. 21 мамырда банк қызметкерлері шотыма ақша аударды. Енді ол ақшаға үйімді қалпына келтіргім келеді»,- деді Құлсары қаласының тұрғыны Галина Қаражанова.

Айта кетейік, зардап шеккендерге тікелей көмек көрсетумен қатар, «Халық» қоры Атырауда қорғаныш бөгеттерін салуға демеушілік көрсетті. Жанармай, сөмке және басқа да құрал-жабдықтар алуға 280 миллион теңге бөлінген.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қарағанды, Солтүстік облыстардағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін «Халық қоры» мен «Халық банкі» өз қаражатынан қызметкерлердің бір күндік жалақысын қосқанда 1 миллиард 445 миллион теңге аталған облыстарға бөлінді.

Сонымен қатар, «Халық қорының» құрылтайшысы Тимур Құлыбаев Атырау облысын қалпына келтіру үшін қосымша 30 миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша, су тасқынымен күресуге 31,4 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды