«Жала жапқан жоқпын»: Алматыда әйелге әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 664 мың теңге айыппұл салынды

Аиса Махамбет Редактор
07.06.2024, 12:32
752
«Жала жапқан жоқпын»: Алматыда әйелге әлеуметтік желідегі жазбасы үшін 664 мың теңге айыппұл салынды бейнежазбадан алынған кадр

Алматылық жануарлар құқығын қорғаушы Айгүл Хакимова әлеуметтік желіде ер адамның суретін жариялап, итпен жыныстық қатынасқа түсті деп жала жапқаны үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жала жабылған ер адам Хакимованы сотқа беріп, сотта жеңіске жеткен. Алайда Хакимова сот үкімімен келіспейді. Әйел TikTok желісінде судьяны әділетсіз шешім шығарды деп айыптап, өзіне үлкен айыппұл салынғанын айтып видео жариялаған. 

"Мені ешқандай себепсіз соттады... Инстаграмда зоофил туралы жазба жариялағаным үшін 465 мың теңге айыппұл салды. Ешкімге жала жапқан жоқпын. Судья мені заңсыз соттады... Үлкен айыппұл салды. Ол менің кінәмді қалай дәлелдеді? Жоғарғы Сотқа екі рет хат жаздым, екі рет те арызым қайтарылды", – дейді Хакимова. 

Әйелдің видеосы бірнеше күн ішінде TikTok желісінде төрт миллионнан астам қаралым жинаған. Сондай-ақ қазақстандықтар әйелге айыппұлды төлеуге қажетті соманы жинап берді.

“2024 жылдың 20 ақпанында Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі сотында БАҚ немесе телекоммуникация желілерін пайдаланып жала жабу бойынша айыпталушы Хакимоваға қатысты іс қаралды. Өткен жылдың қараша айында Алматы қаласының тұрғыны азамат К., баласына сыйлық ретінде белгілі сайттан мысық сату туралы хабарландыру іздеген. Хабарландыруды жариялаған Хакимовамен сөйлескеннен кейін К. баласына мысық сатып алуға ниетті екенін айтқан. Біраз уақыттан кейін ер адамның телефонына бейтаныс әйел қоңырау шалып, әлеуметтік желіде ол туралы ақпарат жарияланғанын айтқан. 2023 жылдың 11 қарашасында күндіз Хакимова әлеуметтік желіде азамат К-ның суреті бар жазба жариялады", – делінген сот хабарламасында. 

Сотта жазбаның кәугерлері ретінде жәбірленушінің отбасы мүшелері мен балалары қатысты. Олар осы оқиғадан кейін күйзеліске түсіп, тіпті мектепке бара алмай қалған. 

“Сот отырысында Хакимова бұл жазбаны қателесіп жариялап, кейін бірден өшіріп тастағанын айтып, өз кінәсін ішінара мойындады. Алайда, жәбірленуші К., жазбаның бірден жойылмағанын, көп келіссөзден кейін ғана өшірілгенін атап өтті", – делінген хабарламада. 

Сот Хакимованы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп тауып, 180 АЕК (664 560 теңге) көлемінде айыппұл тағайындады. Құқық бұзушының жеке басын және жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасы 30%-ға азайтылып, 465 192 теңгені айыппұл салды.

«Кешірім сұрайтындай ешкімді атқан жоқпын»: Мақпал Жүнісова қас дұшпандарыма мереке сыйлап тұрамын деп мәлімдеме жасады Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО)