«Путин, көмектесіңізші»: Путинге видео жолдаған Қонаев тұрғыны сотталды

Аиса Махамбет Редактор
07.06.2024, 13:51
885
«Путин, көмектесіңізші»: Путинге видео жолдаған Қонаев тұрғыны сотталды бейнежазбадан алынған кадр

Ол бейнежазбада Қазақстанға көңілі толмайтынын айтқан.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, осы жылдың наурыз айында Қонаев тұрғыны Андрей Астахов Владимир Путинге жүгінген видеосын жариялаған.

 

Бейнероликте ер адам көрші елдің президентін көмектесуге шақырып, Қазақстандағы жағдайға риза еместігін айтқан.Әйтпесе елді азаматтық соғыс күтіп тұр деп мәлімдепті. Сонымен қатар ол видеода Қазақстан шенеуніктеріне, оның ішінде Президентке қарата қорқытып-үркіту сарынындағы сөз айтқан.  

"Владимир Владимирович, көмектесіңіз, құтқарыңыз. Менің ойымша, сіз бізді естисіз", - депті Астахов.

Бұған пікір жазған азаматтардың кейбірі түсінбестікпен қараса, кейбір пайдаланушылар ІІМ мен ҰҚК аккаунттарын белгілеп кеткен.  

5 наурызда ер адам қамауға алынды. Келесі күні Қонаевта Астаховтың соты өтті. Ол ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша әлеуметтік алауыздықты қоздырды деп айыпталды.  

"Сот отырысында сотталушы А. С. Астахов кінәсін толық мойындады. Бұл әрекетке өкініп, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды өтінді", - делінген сот шешімінде.  

Бірақ сот Астаховтың өтінішін елемеді. Путинге үндеуі үшін ер адам ендігі үш жылын қауіпсіздігі орташа колонияда өткізеді.  

Бір қызығы, Астахов арнасында тек сегіз ролик бар екен. Және көпшілігі шенеуніктер жұмысын сынау, КСРО-ға деген сағынышын жеткізген мәтіндер. Ер адамға берілген үкімге қарамастан, жазба әлі де қол жетімді және 6000-нан астам қаралым жинады. 

Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО)