БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар құрылыс жұмыстарын бейнебақылау камераларынан бақылай алады

07.06.2024, 18:34
763
БҚО-да су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар құрылыс жұмыстарын бейнебақылау камераларынан бақылай алады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

16 бейнебақылау камералары орнатылған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіру, соның ішінде баспанасыз қалған жандарға тұрғын үй салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Жаңа тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарын қадағалау мақсатында облыс бойынша 8 елді-мекенде 16 бейнебақылау камералары орнатылды.

Атап айтқанда, Қаратөбе ауданының Қоржын ауылына 2 бейнекамера, Сырым ауданының Өлеңті және Бұлдырты ауылдарына 4, Теректі ауданының Аңқаты және Подстепное елді мекендеріне 4, Бөрлі ауданының Ақсу, Кеңтүбек және Пугачев ауылдарына 6 бейнекамера орнатылды.

Кез-келген адам бейнебақылау камералары арқылы өңірлерде жүріп жатқан құрылыс жұмыстарын https://www.gov.kz/memleket/entities/qoldau/page/29662?lang=kk  сілтемесі бойынша 24 сағат бойы бақылай алады.

«Бейне камералардың көмегімен қазақстандықтар зардап шеккендер үшін салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барысын қадағалау мүмкіндігін пайдалана алады. Бұл технология, біріншіден, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағауға мүмкіндік берсе, екіншіден құрылыс материалдарының қолды болмауына жол бермейді», -  деді БҚО цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нұрсұлтан Нұрланұлы.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр