Бұршақ, найзағай, 42 градус аптап: демалыс күндері ауа райы қандай болады

08.06.2024, 09:14
526
Бұршақ, найзағай, 42 градус аптап: демалыс күндері ауа райы қандай болады shutterstock

Алдағы күндері +42 градусқа дейін ыстық болады. ТЖМ ыстықтан сақтануға кеңес берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, алдағы демалыс күндері Қазақстанда тұрақсыз ауа райы сақталады. Солтүстік облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал оңтүстікте аптап ыстық болуы мүмкін. 

Синоптиктердің болжамынша, 8-10 маусым аралығында Мәскеу облысынан соққан циклонның әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Көптеген аймақта оқтын-оқтын жаңбыр жауады; ал елдің солтүстік-батысында және солтүстігінде кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел күшейеді, тіпті күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 

Алайда екінші жағынан Жерорта теңізінен Қазақстанға өте жылы ауа ағыны келеді. Салдарынан облыстың басым бөлігінде термометрлер +27...+35, оңтүстікте +35...+42 градусқа дейін көтеріледі. 

Ыстықтың салдарын болдырмау үшін ҚР ТЖМ-ның ресми сайтында ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді, сондай-ақ: 

ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек; 

аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз; 

күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз; 

күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз.

Сондай-ақ күн ыстық кезде балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыздар деп ескертеді.

"Сонымен қатар азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері –халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөп жағу, найзағай", - дейді ТЖМ өкілдері.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады