838

Қазақстанда уақытты өзгертуден бас тартуды талап еткен петицияға 50 мың адам қол қойды

Қазақстандықтар жаппай уақытты қалпына келтіруді талап етіп жатыр.

Қазақстанда уақытты өзгертуден бас тартуды талап еткен петицияға 50 мың адам қол қойды
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда уақыттың бір сағатқа өзгеруін құптамайтын петицияға азаматтардан 50 мың дауыс жиналды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

22 сәуірде ePetition сайтында жасалған петицияда 2024 жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енген уақытты өзгертуден бас тарту ұсынылады. Бүгін ол азаматтардың 50 мың дауысын жинады.

"Өтініш мемлекеттік органға қарауға жіберілді", - делінген сайтта. 

Алушы – ҚР Сауда және интеграция министрлігі. Петицияда кейбір қазақстандықтардың уақыт өзгергеннен кейін қолайсыздық сезінгені айтылған.

"Қазақстанда уақыттың бір сағатқа артқа өзгеруіне байланысты бірнеше проблема сезілді", - делінген петицияда.

Олардың ішінде электр энергиясының қымбаттауы, адам биоритмдері мен жұмыс, оқу және демалыс кестесінің сәйкес келмеуіне байланысты тұрғындардың физикалық және психологиялық ыңғайсыздығына әсер етуі де бар.

Материал авторы