«Тұрмысқа шық, кемпір болдың»: Анара Батырхан қоғамның қысымына жиі ұшырайтынын жасырмады

Аиса Махамбет Редактор
08.06.2024, 17:16
3328
«Тұрмысқа шық, кемпір болдың»: Анара Батырхан қоғамның қысымына жиі ұшырайтынын жасырмады ашық дереккөзден

Танымал блогер, кәсіпкер Анара Батырхан жеке өміріне қатысты сұрақты талқылап, қоғам тарапынан жиі қысымға ұшырайтынын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, желі жұлдызы “Мамский әңгіме” подкастында тұрмыс құрмаған қыздардың мәселесін көтерді. 

“Қыздардың тұрмыс құруы қай заманда да өзекті тақырыпқа айналған. Мен тереңінен түсіндіргім келмейді. Өйткені тұрмыста емеспін. Бірақ айналамнан “Қашан күйеуге шығасың?” деп сұрайтын адамдарды жиі кездестіремін. Тіпті “Тұрмысқа шық, кемпір болдың” дейтіндер де бар. Бетіме келіп айтады, жүзбе-жүз көрмесек, парақшама жазады. Осы сұрақтан қашып, шаршап жүрмін, шынымды айтсам. Үнді әнін айтсам да, киім алсам да, құрбыларыммен жолықсам да, бәрінің сұрайтыны – бір сұрақ”, – дейді блогер. 

Сондай-ақ желі жұлдызы қазақ жігіттерінің өзіне деген сенімсіздігіне тоқталды. Жасы 30-дан асқан ару әлі күнге дейін тұрмыс құрмауының себебін танымалдығымен байланыстырады. 

“Кеше бір тойға бардым. Әнімді айтып, биімді билеп, қонақ болдым. Қаншама тым жақсы, түрі келісті жігіттерді көрдім. Ешқайсысы менімен таныспады. Тіпті ниет те білдірген жоқ. Үйге келіп, жеке парақшамды ашсам, мың түрлі хат келіп тұр. Бәрі сол тойда болған жігіттерден. “Бүгін тойда әдемі болып жүрдің”, “Даусың керемет екен” деген сыңайда көп хат алдым. Мен “неге жүзбе-жүз келіп таныспайсыздар?!” деп жауап қайтардым. Ең қызығы, танымал болмай тұрғанда айналамда өте көп жігіт болды. Күн сайын гүл, шоколад, қыдыру болатын. Қалай блогерлікпен айналысып, оқырман жинадым, жанымда жүрген жігіттерден айырылып қалдым. Міне, қазақ жігіттері өз-өзіне сенімсіз. Іштей ұялып, комплекстері оянып, қысылады. Маған Мальдив аралынан үй, қымбат машина керек емес. Көп жігіт мен туралы солай ойлайды екен. Менің таңдауым – болашағы бар, өмірге көзқарасы дұрыс жігіт.   

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады