Жахан Отарғалиев бала аңсап жүргеніне 15 жыл болғанын айтып, елден көмек сұрады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
08.06.2024, 17:53
1768
Жахан Отарғалиев бала аңсап жүргеніне 15 жыл болғанын айтып, елден көмек сұрады (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Қазақстандық актер Жахан Отарғалиев 10 баласы бар әйелге көмек керек екенін мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әзілкеш көпшіліктен көмек сұрады. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

«Баланы аңсап жүргеніме 15 жыл болады екен. Ал мына кісілердің 10 баласы бар. Әркімнің сынағы әртүрлі. 10 баласы бар отбасы бір баспанаға зәру», - дейді ол.

Актер өз сөзінде көпбалалы отбасына баспана алып беру үшін көмек сұрады.

«Атырауға келу себебімнің бірі осы болатын. Көпбалалы отбасының баспаналы болуына сіз бен біз атсалысайық. Үлкен қызы Ақжарқын оқу ақысын төлей алмаған соң оқудан шығып қалыпты. Егер оқу ақысын төлесе, қайта қабылданады екен. Сол үшін бір жылдық оқу ақысын өзім мойныма алдым. Біздің болашағымыз білімді жастар ғой. Бәрі жақсы болады», – дейді Жахан Отарғалиев.

Өз кезегінде көпбалалы ана соңғы бір айда 4 үй ауыстырғанын жасыра алған жоқ.

«Басқаға бай болмасам да, балаға баймын. Жолдасымның ақшасы тек тамаққа кетеді. Жаңа киім де алып бермеймін. Бірінікін бірі киіп өсіп жатыр. Бірақ баспанамыздың болмауы жанға батады. Біз бір айда 4 үй ауыстырдық. Көпбалаға ешкім үйін бергісі келмейді. Өте қиын жағдайдамыз», – деп көпбалалы ана көз жасына ерік берді.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады