Министр онкология науқастарын емдеуге бөлінген қаражатты қысқартатын бұйрық шығарды

08.06.2024, 18:34
867
Министр онкология науқастарын емдеуге бөлінген қаражатты қысқартатын бұйрық шығарды Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Қаржыландыру орта есеппен 20%-ға қысқарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық ауруларды емдеуге бөлініп келген бюджет қаражатын қысқарту жөнінде шешім қабылдаған. Бұл жайлы депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Депутат денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың бұйрығын жариялады. Құжатта қаржыландыру орта есеппен 20% қысқарады делінген.

Мәжілісмен бұл шешімді сынға алып, оның "кулуарлық" сипаты барын әрі талқылаусыз қабылданғанын мәлімдеді.

– Бұл бұйрықтан кім зардап шегеді? Бұл қанша адамның өмірі мен тағдыры? Шенеуніктердің түсініксіз және үстірт ақпаратынан басқа қандай ғылыми негіз бар? Неліктен жан-жақты зерттеусіз, жаза салып, осындай маңызды шешімдер қабылданады? Сұрақ өте көп.

Барлығы онкологиядан ешкім қорғалмағанын түсінуі керек. Бұл салада көп проблема бар. Бірақ соңғы жылдары үміт қана емес, нақты оң өзгерістер бола бастаған еді, – деп жазды ол.

Оның айтуынша, министрлік ақылға сыймайтын шешім қабылдаған.

– Бір кездері осы қорқынышты ауруға душар болғандар ғана бұл эмоцияларды түсінеді.

Министрліктің толық жауабы мен зерттеу нәтижелері бар деп үміттенемін, — деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, Денсаулық сақтау министрлігі қаржыландыруға байланысты бұрын да сынға ұшыраған. Мәселен, бұған дейін Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарының жобасы пайда болды. Құжатта министрлік бұдан былай орфандық аурулары бар адамдар үшін қымбат дәрі-дәрмектерді сатып алмайтыны жазылған.

«Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген «Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті