1139

Париж олимпиадасында 8 дзюдошымыз жүлдеге таласады

Дзюдодан 2022 жылдың 24 маусымынан басталған әлемдік іріктеу кезеңі толыққанды аяқталды.

Париж олимпиадасында 8 дзюдошымыз жүлдеге таласады
olympic.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, іріктеу нәтижесінде 2 жыл бойы бозкілемде белдесіп, жоғары ұпай жинаған 8 жерлесіміз Париж төрінде жүлдесуге таласуға мүмкіндік алды.

Рио және Токио Олимпиадасына 6 спортшымыз барған болатын.

Жалпы 14 салмақ бойынша әлемнің 105 мемлекетінен 355 спортшы Олимпиадада өнер көрсетеді. Тек Франция мен Жапония ғана барлық салмақта бақ сынайды.

Франция — 14 салмақ
Жапония — 14 салмақ
Қазақстан — 8 салмақ

Ерлер

60 келі. Елдос Сметов
66 келі. Ғұсман Қырғызбаев
73 келі. Данияр Шамшаев
81 келі. Абылайхан Жұбаназар
100 келі. Нұрлыхан Шархан

Әйелдер

48 келі. Абиба Абужақынова
+78 келі. Камила Берліқаш

Аралас командалық сайыс

63 келі. Эсмигул Куюлова

БҰҒАН ДЕЙІН ЖҮЛДЕ АЛҒАН СӘТТЕРІМІЗ:

Токио Олимпиадасы — 1 қола
Рио Олимпиадасы — 1 күміс, 1 қола
Бейжің Олимпиадасы — 1 күміс

Материал авторы