«Аяғын айқастырып отыр»: Қарағандыда ер адам қоғамдық көлікте жасөспірім қызға тиісіп, айқай шығарған

09.06.2024, 14:30
3191
«Аяғын айқастырып отыр»: Қарағандыда ер адам қоғамдық көлікте жасөспірім қызға тиісіп, айқай шығарған бейнежазбадан алынған кадр

Қарағандыда қоғамдық көлікте ер адам жасөспрім қызға тиісіп, көлікте аяғын айқастырып отырғаны үшін жанжал шығарған. Оқиғаның видокадрлары желіде тарады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жанжалдың бейнежазбасын қыздың анасы әлеуметтік желілерге жариялаған.

Айтуынша, келеңсіз оқиға 6 маусымда қаладан Майқұдық қаласына бара жатқан автобуста болған.

"Қызымның айтуынша, ер адам автобусқа кіріп, бірден оған кһөз салған. 15 минуттан кейін қызым аяғын айқастырып отырғанына тиісіп “түсір аяғыңды” деп айқайлай бастаған. Қызым оның сөздеріне ұзақ уақыт жауап бермеді. Ал ол болса “саңыраусың ба” деп оған жауап бермегеніне одан сайын ашулана түскен. Қызымның аяғы ешкімге көршісіне де, орындыққа да кедергі келтірмеген. Одан бөлек автобуста қоршау болды. Ал ол болса алдағы қызға кездергі келтірді деп менің қызыма тиісе берді. Мұны естіген алдағы қыз бәрі жақсы екенін, ешкім ыңғайсыздық тудырмағанын жеткізе бастаған", - деді жасөспірімнің анасы.

Видеода өзге жолаушылардың агрессивті ер адамнан кәмелетке толмаған қызды қорғағаны да байқалады. Олар ер адамға айқайламауын, бұл қылығын қоюды өтінген.

"Ол өз-өзімен жайлы отыр, маған мүлдем кедергі келтіріп отырған жоқ. Сабыр етіңіз, өтініш", "Сіз оған неге айқайлайсыз? Ер адам қыз балаға ешқашан дауыс көтермеген. Қызыңыз,анаңыз жоқ па? Сен де анадан тудың. Айтатыныңды айттың ғой, неге қайталай бересің? Ұят қайда?", “Қыз балаға тек анасы ғана айтады, ер адам емес” - деген жолаушылар дауысы естіледі. 

Алайда бұл ескертулерді ер адам еш назар салмай, керісінше жолаушылардың бәрімен ұрсыса бастағаны көрінеді. 

“Неге айтпайды екем, елде тәртіп болуы керек”, – деген ер адам. 

Құлсарыда жоғалып кеткен 8 жастағы қыз баланың мәйіті табылды Илон Маск: «Трамптың атышулы Эпштейн қылмысына қатысы бар» Дженнифер Лопес Қазақстаннан кейін Өзбекстанда өнер көрсетеді Qarmet компаниясынан 1 млрд теңге ұрлады деген күдіктілер ұсталды «Халыққа қауіп төніп тұрған жоқ»: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен