Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды

09.06.2024, 15:15
677
Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды iStock

200 мың теңге тұратын бренд сөмкені ұрлап әкеткен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада ойын алаңынан бренд сөмке ұрлаған әйел ұсталды. Ол Қырғызстан азаматы болып шықты. Бұл туралы Massaget.kz жазды. 

Басылым мәліметіне сүйенсек, полицияға елорда тұрғыны хабарласып, ойын алаңынан белгісіз біреу 200 мың теңге тұратын бренд сөмкесін ұрлап әкеткенін айтып арызданған.

Көп ұзамай "Сарыарқа" ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 66 жастағы Қырғызстан Республикасының азаматын анықтаған. Тергеу барысында әйелдің оң жақ жағалауда орналасқан саябақтағы ойын алаңына келгені белгілі болды.

Ол тұрғынның орындықтардың біріне сөмкесін қалдырып, ойын алаңына кеткенін байқаған. Осылайша қолайлы сәтті пайдаланып, Місhael Коrs брендінің сөмкесін алып кеткен.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдеме тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Қазіргі уақытта әйелдің елорда аумағында бұрын жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді