Желіде қара киімге оранып насихат айтатын тиктокер қыз хиджабын шешіп, ҰҚК өкілдеріне алғыс айтты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
09.06.2024, 17:16
7282
Желіде қара киімге оранып насихат айтатын тиктокер қыз хиджабын шешіп, ҰҚК өкілдеріне алғыс айтты (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Ол түсінде 26 рет Пайғамбарды көргенін жылап тұрып айтып, желіде танымал болған еді. Өзін сынағандарды аяусыз балағаттап жіберетін.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, көпшілікке ТикТок әлеуметтік желісінде “Түсімде Пайғамбарды көрдім!” деп танымал болған блогер Назерке қыз хиджабын шешіп тастады. Бұл туралы KYN.KZ жазды.

"Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деген ол ҰҚК қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді. 

“КНБ-нің адамдары жаман дейді. Олай емес. Маған “қазағымның қызы” деп жәрдем берген сол КНБ-ның адамдары. Оларға алғысым шексіз! Олар көмектеспегенде, қазір не боларын кім білсін” деді.

Тікелей эфирде отырған 500-ден астам кісінің бір бөлігі:

“Сатқын, дініңді саттың!”, “сенікі хайп болды”, “мұсылман емессің”, “тозақта жанасың”, “оңбған, жезөкшесің”, “дінге күйе жақпа”, “бұған жын кірген”, “кәпір” деп пікір жазса, енді бірілері ботадай боздап отырған қыздың телефон нөмірін сұрап, “демалайық” деген мағынада пікірін қарша боратуда.

Бұған қатысты тикток блогері былайша жауап берді:

“Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де -жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді” деген ол әйел ретінде өзін басқалардың түсінуін өтінді.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты