1514

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады

Леон Эдвардс (22-3) – UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады
shavkatrakhmonov94

Жеңіліс көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (18-0) австралиялық файтер Джек Делл Маддаленаның (17-2) жарақаты туралы жаңалықтан кейін келесі жекпе-жекті кіммен өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«ДДМ (Маддалена) жарақат алды. Ал Усман мен Колби менімен шыққысы келмейді. Мен Леонның Белалға қарсы жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесуге дайынмын», – деп жазды Рахмонов Twitter-де.

Еске салайық, ағылшын Леон Эдвардс (22-3) – UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы. Америкалық Белал Мұхаммедпен (23-3) жекпе-жек 28 шілдеде Манчестерде (Англия) өтетін UFC 304-нөмірлі турнирінің басты файтерлері болады.