952

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның алпауыт компанияларының өкілдері келеді

Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапарына орай 12 маусым күні елордада қазақ-корей бизнес-форумы өтеді.

Қазақстанға Оңтүстік Кореяның алпауыт компанияларының өкілдері келеді
samrukkazyna_official
 

Алдын ала мәліметтер бойынша форумға екі елдің мемлекет басшылары, сондай-ақ іскерлік кеңестің тең төрағасы ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Кореяның халықаралық сауда қауымдастығының төрағасы Джин Сик Юн қатысады.

Пленарлық отырыс барысында Hyundai Motor Russia&CIS өңірлік штабы басшысының орынбасары Им Дже У, «Astana Motors» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев, Doosan Enerbility вице-президенті Янг Юн Хо, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов және басқа да ірі компаниялардың басшылығы баяндама жасайды.

Беснес-форум соңында бірқатар коммерциялық құжатқа қол қою жоспарланған.