HONOR компаниясы 2023 жыл бойынша экологиялық менеджмент жөніндегі ESG есебін ұсынды

10.06.2024, 17:20
918
HONOR компаниясы 2023 жыл бойынша экологиялық менеджмент жөніндегі ESG есебін ұсынды optimism.kz

HONOR жаһандық технологиялық бренді 2023 жыл бойынша экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару туралы есепті ұсынды әрі жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі, «Технологиялар игілік үшін» атты қолжетімділік бағдарламасындағы, сондай-ақ экологиялық бастамалардағы жетістіктерін атап өтті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

HONOR компаниясы жеті түйінді саланы: қоршаған ортаны қорғау; технологиялар игілік үшін; құпиялылық; жастардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту; жеткізушілердің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі; қызметкерлерді дамыту және жауапкершілікпен басқару салаларын қамтитын орнықты дамудың стратегиялық маңыздылығын түсінеді.

«Адамға бағдарланған орнықты даму тұжырымдамасын таңдай отырып, HONOR компаниясы бизнесті инновациялық тұрғыдан ашық әрі инклюзивті түрде жүргізуге ұмтылады. Біз шекаралардан тыс аттап, барша адам үшін жаңа интеллектуалды әлем құруға тырысудамыз», — деп түсіндірді Джордж Чжао, CEO HONOR.

Жас дарындарға арналған платформа және халықаралық дизайн сыйлығы

HONOR Talents халықаралық сыйлығы бүкіл әлем бойынша жас дарындарға арналған платформаға айналды. Соңғы төрт жылда конкурсқа 40 елден және 240 университеттен 25 000 өтінім берілді. 2023 жылы CAFA қауымдастығынан Юань Ши жасаған «Таста болып жатқан не» атты көркем инсталляция бірінші орынды иеленді. Ол көрермендерді мәдениет пен технологиялар тоғысындағы қызықтырарлық форматта Хань әулетімен таныстырады.

«Технологиялар игілік үшін» атты қолжетімділік бағдарламасы

HONOR компаниясы адамға бағдарланған технологиялар мен өнімдерді әзірлеуді жалғастыруда. Егде жастағы пайдаланушылардың, сондай-ақ көру және есту қабілеті әлсіреген адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін компания жасанды интеллект технологиялары негізіндегі шешімдерді, оның ішінде шынайы уақыт режимінде жасанды интеллектпен субтитрлерді генерациялау және экраннан дауыстап оқу шешімдерін ұсынады.

2023 жылдың соңына қарай компанияның инженерлері 26 жобаны әзірлеп ендірді, оларды көру қабілеті шектеулі 4,66 миллионнан астам адам пайдаланып отыр, ал есту қабілеті әлсіз адамдарға көмек көрсету технологияларын пайдаланушылардың саны 940 мыңнан асты.

«HONOR компаниясы «Технологиялар игілікке» атты бағдарламасының ағымдағы және болашақтағы әзірлемелерінде ашық ынтымақтасу қағидаттарын ұстанады. Құрылғыдағы және бұлттағы жасанды интеллект арасындағы синергияны пайдалана отырып, біз ESG саласында және басқа да салаларда жасанды интеллект әлеуетін ашып көрсетеміз», - деп мәлімдеді CEO HONOR Джордж Чжао.

Таза энергияны пайдалану 8%-ға жетті

Корпоративтік басқару стратегиясын әзірлеу кезінде HONOR компаниясы климаттың өзгеруін назарға ала отырып, 2045 жылға қарай көміртекті-бейтарап түрде қызмет етуге қол жеткізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде компания өнімдердегі, өндірістегі және басқа да операциялардағы көмірқышқыл газ шығарындыларын қықсартуға едәуір күш салып отыр. 2023 жылдан бастап HONOR компаниясы экологиялық таза энергияны пайдалануға көшкен, тұтынуы алғашқы жылдың өзінде жалпы көлемнен 8%-ды құрады.

HONOR компаниясы өнім мен өндірістің экологиялылығын арттыруда да елеулі жетістіктерге қол жеткізуде. Зерттеу және әзірлеу орталықтары өнімдердің дизайнын, материалдарды таңдауды оңтайландырды, құрылғылардың ұзақ жарамдылығы мен тиімділігін жоғарылата алды. Сол арқылы 128 смартфон мен планшет үшін CQC экологиялық сертификатына сәйкестілікті қамтамасыз етті, бұл жылыжай газ шығарындыларының шамамен 876 тоннаға қысқартылғанын білдіреді. Сонымен қатар, 2023 жылы іске асырылған, өнімдердің қаптамасындағы өзгерістер көмірқышқыл газ шығарындыларын шамамен 650 тоннаға қысқартты.

HONOR Intelligent Manufacturing индустриалдық паркі ұлттық деңгейдегі «жасыл» фабрика болып танылды. Энергиямен қамсыздандыру үшін салынған станция жыл сайын 700 000 кВт/сағ таза электр энергиясын беретіндігі күтілуде.

Операциондық қызметтің экологиялылығы тұрғысынан HONOR компаниясы өз офистері мен офлайн-дүкендерінде қағазсыз жұмыс жасауға көшті, сөйтіп 2023 жылы Массон қарағайларының 108 ағашын құтқарып қалуға баламалы болатын баспа өнімдерінің тұтынылуын қысқартты. Сонымен қатар, 2023 жылы HONOR экологиялық менеджмент саласындағы жобалары көптеген беделді салалық ұйымдардың, оның ішінде Fortune China Best Designs және Bloomberg Green ESG 50 ұйымдарының құрметіне иеленді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды