Абай университетінде Startup жобалар байқауы өтті

11.06.2024, 09:07
14193
Абай университетінде Startup жобалар байқауы өтті abaiuniversity.edu.kz

2024 жылдың 3 маусымында Ғылым департаментінің ұйымдастыруымен Абай университеті студенттері арасында «Жас кәсіпкер Abai University 2024» Startup жобалар конкурсының DEMO DAY іс-шарасы өтті.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрды: өтінімдерді қабылдау, техникалық сараптама, офлайн және онлайн сабақтар өткізу, жеке консультациялар және іріктеу туры. Финалға 12 команда өтті.

Демо күнінде финалистер өздерінің стартаптарын бизнес пен университеттің басқарма өкілдерінен тұратын қазылар алқасына ұсынды. Залда шығармашылық, жаңашылдық пен ынта атмосферасы орнады.

Бірінші орын мен 1 млн теңге көлеміндегі жүлдені «Magic Pillow» жобасымен «Ecolife» командасы иеленді. Студенттер қарақұмық қабығынан жасалған жастықтар шығаруда.

Алғашқы 500 мыңды «zerTTe» командасы еліміздің балабақшаларында работотехника сыныптарын ұйымдастыру жобасымен жеңіп алды.

Екінші 500 мың теңге азық-түлік қалдықтарынан табиғи тыңайтқыштар жасауға бағытталған «Биогумус» командасына бұйырды.

300 мың теңгелік жүлденің иегерлері 3 команда болды:

«LingvLit» командасы - «Интерактивті диктант» мобильді қосымшасы және «Сауатты болу-сәнді!» ұранымен;
«UlanKUS» командасы - ауылшаруашылық құстарын үйде жұмыртқадан жасанды түрде шығаруға арналған инкубатормен;
«EnergyUp» командасы - Студенттер мен оқытушыларға арналған университет қабырғаларында зарядтағыштарды орналастыру жобасымен алды.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады