1534

Солтүстік Корея тағы да қоқыс салынған 300 шақты шарды Оңтүстік Кореяға қарай ұшырды

Шарлар соңғы рет Оңтүстік Корея шекаралық аймақта дауыс зорайтқыш арқылы үгіт-насихат таратуды қайта бастағаннан кейін бірнеше сағат өткенде ұшырылды.

Солтүстік Корея тағы да қоқыс салынған 300 шақты шарды Оңтүстік Кореяға қарай ұшырды
Yonhapnews

Солтүстік Корея дүйсенбіге қараған түні Оңтүстік Кореяға қарай шамамен 310 шар ұшырды, деп хабарлайды Yonhap.

«Жексенбі күні кешке қоқыс толтырылған шарда макулатура мен пластик болды, улы заттар әзірге анықталған жоқ» деп хабарлады Штаб бастықтары біріккен комитетінен (JCS).

JCS-тің баспасөз хатшысы полковник Ли Сон Джунның мәлімдеуінше, желдің шығысқа қарай бағытталуына байланысты көптеген шарлар Оңтүстік Кореяға ұшып жетпеген, ал шекарада 50-ге жуық шар анықталды.

Еске сала кетсек, JCS штабы Солтүстік Кореяның Оңтүстік Кореяға қарай нәжіс пен қоқыс толтырылған шар жібере бастағанын 28 мамырда мәлімдеген.