714

Қостанайда радикалды діни ағымды насихаттаған тұрғын ұсталдыv

30 жастағы Қостанай тұрғыны әлеуметтік желіде терроризмге үгіттейтін ақпарат таратқан.

Қостанайда радикалды діни ағымды насихаттаған тұрғын ұсталдыv
Максат Шагырбаев/ Kazinform

Сондай-ақ, ол өзге дін өкілдеріне қарсы зорлық–зомбылықты насихаттайтын материалдарды жүктеген.

Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Ол бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал діни алауыздық тудырғаны үшін 7 жылға дейін жаза арқалайды», - деді Қостанай облысы ПД басқарма бастығының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.