"Үш құрбым күресіп жатыр": Ләйлә Сұлтанқызы сүт безінің қатерлі ісігі дертіне алаңдайтынын жеткізді

11.06.2024, 16:53
703
"Үш құрбым күресіп жатыр": Ләйлә Сұлтанқызы сүт безінің қатерлі ісігі дертіне алаңдайтынын жеткізді sultankyzy

Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы сүт безі қатерлі ісігінің белең алып тұрғанына алаңдады.

Журналистің мәліметінше, бүгінде жас қыздар да сүт безінің қатерлі ісігі дертіне шалдыққан.

“Қазір менің жақын үш құрбым обырмен (рак) күресіп жатыр. Олардың жағдайын, ішкі сезімін айтып жеткізе алмаспын. Әр секунд қымбат олар үшін… "Балаларымның қызығын көре алмай кетем бе?" деп жылағанда өзің де не істеріңді білмей қаласың. Шарасыздық… Егер дертке дауа ақша, мансап, таныс-тамыр болса, баяғыда-ақ жазылып кетер еді… Қайдам… Елімізде жиі кездесетін обырдан сүт безінің қатерлі ісігі көш бастаса, жатыр мойны обыры екінші орында. Тек жатыр мойын қатерлі ісігінен жыл сайын 600 қыз келіншек көз жұмады. Бұрын 40-тан асқандар көп ауыратын еді, қазір 16-20 жастағы жас қыздардың арасында да көп”, – деп алаңдады медиа маманы.

Сонымен қатар қатерлі ісіктің алдын алатын бір-ақ жол бар екенін де айтып өтті.

“Құлан таза айығып кетуді тек онкомамандар айтар, оның алдын алудың жолы біреу-ақ екен. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де ол – ВАКЦИНА! Әлемнің алпауыт мемлекеттері ертеректе мұны енгізіп, қазір статистикасы азайғанын, азайып жатқанын көрсетті. Қазақстанда күзден бастап, адам паппиломасы вирусына қарсы екпе салдыру басталады. Әрекетті өзімізден бастасақ, әлемді өзгертердей күшіміз бар. Аты жаман аурудан құтылайық!”, – деп сөзін түйіндеді журналист.  

Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) «Фонограммамен бір-екі ән айтып, кетіп қалды»: Төреғали Төреәлі мерейтойға ішіп келіп, сынға қалды (ФОТО) Шенеунік егіс екпеген фермерлердің жерін шетелдіктерге берем деп қорқытқан «Ресейді жамандап еді, үндері шықпай қалыпты»: Пугачеваны жұрт сынап тастады Алмас Өтешов басшылық лауазымға тағайындалды 132 қазақ азаматы Иранда, 219 — Израильде екені белгілі болды Иран зымыраны Израильдегі әйгілі Вейцман ғылыми институтын атқылады. Институттың қандай маңызы бар? +1 уәде: Трамп Израиль мен Иранды татуластыруға уәде берді Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Енді қырғызстандықтар АҚШ-қа кіре алмайды Тегеран: «Бізге соққы жасалып жатқанда, бітім туралы әңгіме болмайды» Қазақстандағы алғашқы АЭС-тың құны сараптамадан кейін белгілі болмақ Reuters: Израиль Хаменейді өлтірмек болды, ал Трамп қастандыққа рұқсат бермеді Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Иран ядролық қаруының жоқ екеніне кепілдік беруге дайын екенін мәлімдеді Еліміздің барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты ескерту жарияланды «Атаң көріп қоймасын»: жүкті Жұлдыз Әбдікәрімованың киімі сынға ұшырады «Досымның қарындасы»: Сәкен Майғазиевтің ұлы мен келіні алғаш қалай танысқанын айтты (ВИДЕО) «Бала босанды»: 13 жастағы қызды әкесінің інілері 6 жыл бойы зорлап келген