707

Президенттер Қазақстан мен Корея өнерпаздарының гала-концертін тамашалады

Бағдарлама аясында шетел композиторларының туындылары, әлемге әйгілі опералардан үзінділер орындалды. Сонымен қатар бірнеше хореографиялық композиция ұсынылды.

Президенттер Қазақстан мен Корея өнерпаздарының гала-концертін тамашалады
Ақорда

Концертте жеке орындаушылармен қатар, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театры мен Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театрының әртістері, «Бірлік», Korean Culture Leaders ансамбльдері өнер көрсетті.

Кешті Корея ресми делегациясының өкілдері және еліміздегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері де тамашалады.