Балаларына мысықтың етін берген емші науқастарды «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген»

13.06.2024, 14:11
782
Балаларына мысықтың етін берген емші науқастарды «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» Бейнежазбадан

Сманов «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғар қаласының психикалық ауруханасында жатыр.

Желіде асырап алған балаларына тамақтың орнына ит-мысықтың еті мен нәжісін беріп, қорлық көрсетті деп айыпталған ақын-сазгер, өзін емші деп санайтын Ұлықбек Смановтың адамдарды Ақбота Керімбекованың «Аппақ гүлдер» әнімен «емдеген» видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бейнероликтен бір топ адамның тәуіптің ән айтқанына қосылып теңселіп тұрғанын анық аңғаруға болады. Сманов келушілерді қазақша әндерді орындай отырып емдеген тәрізді.

Желі қолданушылары мұндай адамдарды қатаң жазалау керектігін айтқан.

«Есі кеткендер, айтарға сөз жоқ», «Маған алдағандардан гөрі алданғандар жағымсыз», «Біздің қоғам тұтас театр», «Ел-елді аралап тексеріп, осындай алаяқтарды қамау керек», «Айтарға сөз жоқ. Мына адамдардың миын айналдырып тастаған ғой. Дені дұрыс адамның ісі емес қой», - деп жазып жатыр көпшілік.

Еске салайық, шымкенттік Ұлықбек Сманов таяуда ұсталған еді. Ол қамқорлығына алған балалардың ең үлкені 16 жаста болса, кішісі 3 жаста. Сманов «сандырақ синдромы» диагнозымен Талғар қаласының психикалық ауруханасында жатыр. Ал жауыздықтан жапа шеккен ересек екі бала бейімделу орталығына, тағы төртеуі балалар үйіне бағытталған. Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған, қазір іс сотқа жолданды. 18 маусымда сот жабық түрде өтетіні хабарланды.

 
Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты