Қазақстандық IT-компания халықаралық байқауда алтын жүлдегер атанды

13.06.2024, 15:15
48981
Қазақстандық IT-компания халықаралық байқауда алтын жүлдегер атанды Getty Images/iStockphoto

Сергек камералары халықаралық байқауға ең үздік деп танылды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Sergek Group «Интеллектуалды трафик басқарудағы ең үздік шешім» (Best Smart Traffic Management Solution) атты номинациясында Future Digital Awards for Smart Cities & IoT Innovation 2024 халықаралық байқауының алтын жүлдегері атанды.

Компания өз шешімдерін «Ақылды қалалардағы тұрақты даму және инновация» санатына ұсынған болатын.

Конкурсты ұйымдастырушы – «Juniper Research», мобильді және цифрлық технология саласындағы жетекші сараптамалық компания. Аталған сыйлықтың үш санаты, яғни заттар интернеті, ақылды қалалар және төрешілерді таңдау жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі компаниялардың назарын өзіне аударады. Номинанттарды іріктеу кезінде өнімнің инновациялары, оның сипаттамасы мен артықшылықтары, серіктестік қарым-қатынас, сертификаттары мен халықаралық талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ бизнесті дамыту перспективалары сияқты критерийлер ескеріледі.

Айта кетерлік, бұрынырақта байқау жеңімпаздары қатарында Amazon, Siemens, IBM және т.б. әлемге әйгілі компаниялар болған.

Sergek Group директоры Әсет Ахметовтың айтуынша,  бұл байқаудағы жеңіс ақылды қалалар саласындағы қазақстандық шешімдердің беделділігін дәлелдейді. Осы уақытқа дейін номинанттар құрамына тек танымал трансұлттық корпорациялар кірген болатын. Сергек шешімдері платина сыйлығын алған американдық қалалық ұтқырлық платформасын алға өткізіп, өз санатында «алтын» атанды. 

«Бұл біздің әлемдік аренадағы алғашқы жетістігіміз емес. 2020 жылдың желтоқсанында біз "Intelligent Transportation" санатында IDC Digital Transformation Awards сыйлығын ұтып алдық. Бұл номинация зияткерлік көлік жүйелері саласындағы жобаларды бағалаған болатын. Бүгін біз мұны Future Digital Awards арқылы да растадық. Ақылды қалалар саласындағы озық тәжірибеміз тек Қазақстанда емес, ел сыртында да танымал болып келе жатқанын мақтан тұтамыз. Өйткені, біздің бағдарламаларымызды экспорттау – тек бизнес емес, сонымен қатар елдің әлемдік аренада ұсынылуы», - деп бөлісті Ахметов.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды