«Шаршайтын кездер болады»: Тұрсен Алагөзов жұбайы Баян Мақсатқызының қандай әйел екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
13.06.2024, 20:38
6677
«Шаршайтын кездер болады»: Тұрсен Алагөзов жұбайы Баян Мақсатқызының қандай әйел екенін айтты жеке парақшасынан

Белгілі кәсіпкер, бизнесмен Тұрсен Алагөзов жұбайы, продюсер Баян Мақсатқызымен отбасылық қарым-қатынасы қандай екенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бизнесмен Forbes Kazakhstan арнасына сұхбат беріп, кәсібі мен отбасылық өмірі туралы сыр шертті. 

“Отбасылық өмірді берік ұстап тұру үшін, екі тарап та бірдей еңбектенуі керек. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінен шаршайтын кезі болады. Егер еркек те, әйел де некені сақтағысы келсе, олар бір-біріне қызық болуы керек. Осыны түсіну маңызды. Баян Мақсатқызымен шаңырақ көтерген кезде менің қолымда ештеңе болмады. Бәрін тартып алғанын білесіздер. Бизнесмен емес, қарапайым адам ретінде өмір сүріп көрдім. Спортпен айналыстым. Көбірек саяхаттадым. Кітап оқыдым. Өзімен көбірек оңаша қалып, жұмыс істедім. Бизнестің соңында жүргенде мұның бірін де істеуге уақыт болмайтын еді. Одан кейін әйеліммен көбірек уақыт өткіздім. Баян Мақсатқызы – өте көңілді адам. Ол үнемі қалжыңдайды, әзілдер айтады. Көңілді тақырыптарды қозғайды. Мен онымен осы тақырыпта "ойнай" бастаймын. Ол – ерекше адам және өте мейірімді жан. Талантты адамдарды бірден байқайды. Шыққан әулетін де бүкіл халық біледі. Оған қоса, ол журналист әрі актриса. Журналист болғандықтан адаммен кез келген тақырыпта еркін сырласа алады. Актриса болғаны үшін түрлі образға ене алады. Сонысымен мені өзіне баурады”, – деді кәсіпкер. 

Сондай-ақ кәсіпкер жарының жобаларына да бей-жай қарамайтынын жеткізді. Үнемі шығармашылығын қолдап, қаржы бөлуге қарсы емес екенін айтты. 

“Баян Мақсатқызымен шығармашылық жөнінде сөйлескен өте қызық. Таңға дейін әңгімелесетін кездер болады. Жақында “Кешью” тобы әлемге танымал рэпер Snoop Dogg-пен дуэт жаздырды. 15 маусым күні Чикаго қаласына өнер көрсетуге аттанады. Баянның сіңлісі Бағым да өте талантты музыкант. Оны айтпай кетуге болмас. Ойлаңызшы, күні кеше ғана мектеп бітірген қарағандылық қыздар 200 миллион оқырманы бар, дүниежүзіне танымал әншімен бір сахнада ән шырқайды. Қандай ғажап дүние?! Еліміздің аты әлемге жайылып жатыр. Шілде айында болатын Париж олимпиадасының ашылуы кезінде Snoop Dogg “Кешьюдің” қыздарымен дуэт орындайды. Практикалық тұрғыда бәрі дайын. Осындай жобаларының бәріне қолдау білдіріп келемін”, – деп ағынан жарылды кәсіпкер. 

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады