Алматы және Талғар қалаларының аумағында жер сілкінісі тіркелді

14.06.2024, 09:14
1277
Алматы және Талғар қалаларының аумағында жер сілкінісі тіркелді ашық дереккөзден

14 маусымға қараған түні Алматы мен Талғар қаласында жер сілкінісі тіркелді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жазды. 

Ведомствоның Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпарат бойынша, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2024 жылғы 13 маусымда Алматы уақытымен 22:25-те жер сілкінісін тіркеген.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Қырғызстанмен шекарада Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 34 км жерде орналасқан", - делінген ведомство хабарламасында.

Жерасты дүмпуі Алматыда 1,6 балл, Талғарда 1,4 балл болып сезілген.

Зардап шеккендер жоқ. Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі кезінде мына ережелерді сақтау керек екенін еске салды:

жер сілкінген кезде үрейленбеңіз;

жер сілкінген кезде лифт және баспалдақты қолданбаңыз;

жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;

жасырынатын жер табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыныңыз;

ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);

көпқабатты үйлерде жер сілкіс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;

кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;

дабыл сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);

электр желілерінен, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;

жер сілкінуіне дайын болыңыз;

қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады