«Сахнада боқтауға болмайды»: Аида Балаева шоу-бизнес өкілдеріне ескерту жасады

Аиса Махамбет Редактор
14.06.2024, 12:32
558
«Сахнада боқтауға болмайды»: Аида Балаева шоу-бизнес өкілдеріне ескерту жасады Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда әншілерге сахнада бейәдеп сөз айтуға болмайтынын ескертті. Бұл туралы Stan.kz жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, министр өнер адамдары халыққа үлгі болуы керек деген пікір білдірді. 

“Мәдениет қайраткерлерінің міндеті – рухани құндылықты насихаттау, мәдениетті қалыптастыру. Егер біз сахнада ішімдік ішуге немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат етсек, бұл айналаға қалай әсер етеді? Сондықтан қазір біз сахнаны құрметтеу керек деген мәселені көтеріп жатырмыз. Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші өз көрерменін құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы керек. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сахнада қалай елестетуге болады?" – деді Аида Балаева Сенаттың кулуарында.

Одан кейін бұл ескертуі тек отандық шоу-бизнес өкілдеріне ғана емес, шетелдік өнер өкілдеріне де қатысты екенін айтты. 

“Қалай болғанда да келісімшартта ненің болатынын, ненің болмайтынын жазу қажет. Мұны біз неге істеуіміз керек? Себебі шетелдік әртістер еліміздің аумағында өнер көрсетеді. Сондықтан олар біздің заңдарымызды құрметтеп, бағынуға тиіс", – деп пікір білдірді министр. 

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады