Алматыда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (ВИДЕО)

14.06.2024, 15:15
803
Алматыда той кортежінің жүргізушілері жауапқа тартылды (ВИДЕО) бейнежазбадан алынған кадр

Алматы полицейлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде төрт жүргізушіні жазаға тартты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жақында желіде жол қозғалысын бұзған кортеж жүргізушілерінің видеосы жарияланған еді. Бұл туралы Алматы полициясының баспасөз парақшасы жазды.

Алматы полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасында жол қозғалысы ережесін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылғанын мәлімдеді.

"Ішінде үйлену тойына қатысушылар отырған төрт көліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Атап айтқанда, "Тойота Камри" көлігін басқарған 2003 жылы туған Д.есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 3-бөлігі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабы 2-бөлігі және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар "Тойота Ланд Крузер" көлігін басқарған 2002 жылы туған Т.есімді жігіт Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі және 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал "Мерседес" автокөлігін басқарған 2002 жылы туған Б.есімді жігіт пен "Тойота Камри" көлігін басқарған 2004 жылғы А.есімді жігітке қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлігі және 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ алдағы уақытта құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізушілермен құқықтық түсіндіру әңгімесі жүргізілді", - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады