«Жаңа заң жазалауды ғана емес, алдын алуды көздейді»: ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды түсіндірді

14.06.2024, 19:18
186
«Жаңа заң жазалауды ғана емес, алдын алуды көздейді»: ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңды түсіндірді Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Жаңа заң көптеген адам өлімінің алдын алып жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қашанда қоғам назарында. Бұл мәселенің түйінін тарқату үшін құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс істеп жатыр. Нәтиже де жоқ емес. Жыл сайын отбасындағы әлімжеттік жағдайлары ақырын болса да азайып келеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша полицияға түскен шақыртулар:

2020 жылы – 179 096

2021 жылы – 155 177

2022 жылы – 115 526

2023 жылы – 99 026

2024 жылдың 4 айында – 28 189

Тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және кісі өлтіру):

2020 жылы – 1071

2021 жылы – 1022

2022 жылы – 935

2023 жылы – 923

Бұрын жәбірленушілердің көп жағдайда арыз жазудан бас тартуына байланысты үй тирандарына қатысты шара қолдану қиынға соғатын. Өткен жылы ІІМ-нің бастамасымен заңға түзетулер енгізіліп, полиция зорлық-зомбылық фактісін тіркеудің анықтау сипатына көшті. Яғни, агрессорды жәбірленушінің арызынсыз-ақ жауапқа тарту мүмкіндігі пайда болды. Ал енді биыл қабылданған заңда қандай өзгерістер бар екенін тәртіп сақшылары тарқатып айтып берді.

– Кісі өлтіру бабында баланы өлтірген жағдайда өмір бойына бас бостандығынан айыру деген жаза қосылды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру мен орташа ауырлықта зиян келтірудің жазаларынан біз бостандықты шектеу жазасын алып тастадық. Алдағы уақытта олар тек қана бас бостандығынан айырылатын болады. Ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтіру баптары осы жаңа заңмен қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ тағы да айта кетейін, қинау деген бап бар. Сол қинау бабы бойынша да Бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталды. Жаза тек бас бостандығынан айыру. Тағы да Қылмыстық кодекске бұрын болмаған жауапкершілік енгізілді. Ол 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қатысты жыныстық қолсұғушылық жасаған тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады, – ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Заң “әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету” деп аталғанымен, ол бәріне ортақ болады. Яғни барлық азаматтың құқығы бірдей қорғалады.

– Көптеген жағдайлар кездеседі. Ер адамдардың әйелдерге күш көрсетуі ғана емес, кейде әйелдердің өзі агрессия көрсетіп жататын кездер болады. Бағынбаушылық білдіріп, қызметкердің талаптарын орындамай… Жалпы полицияға ер адамдар да, қыз-келіншектер де, жасөспірімдер де хабарласып жатады, – деді Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Шыңғыс Ахимов.

– Жәбірленуші тарап қоңырау шалуы мүмкін немесе көршілер шудың арқасында хабарласуы мүмкін. Кім қатты агрессия білдіріп жатады, сол кісіні біз заң аясында жақын арадағы полиция басқармасына міндетті түрде жеткіземіз. Одан ары қарай басқа да құқық бұзушылықтар орын алмау мақсатында, – деді Астана қаласы ПД патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Мейіржан Ұлтанбай.

– Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласына отбасының барлық мүшелері жатады. Тіптен бұрын бірге тұрған азаматтар, бұрын ерлі-зайыпты болған ажырасқандар немесе ортақ баласы барлар, бір үйде бірге тұратындар, сондай-ақ жақын туыстардың барлығы жатады. Бұл жерде жәбірленуші отбасының кез келген мүшесі бола алады. Сондықтан жәбірленуші кім болса да, оған кез келген көмек көрсетіледі, – деді Ақмарал Серікбаева.

Жалпы заңның негізгі мақсаты – қылмыстық қудалау емес, керісінше тұрмыстық саладағы қайғылы жағдайлардың алдын алу, адамдардың өздерінің әрбір әрекетіне деген жауапкершілігін арттыру.

– Мұндай санаттағы істер әрдайым біздің бақылауымызда. Ұрып-соғу мен денсаулыққа жеңіл зиян келтірудің қылмыстандырылуына байланысты бастапқыда арыздар көп болуы мүмкін. Бірақ одан кейін арыздар азаяды деп ойлаймын. Біз бұған дейін де денсаулыққа ауыр зиян келтіру, кісі өлтіру істерін тергеп келдік. Осы жаңа заң жәбірленушілердің құрбан болуының алдын алуға бағытталған, – деді Астана қаласы ПД тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Алима Жамалиева.

Заңда тағы бірқатар маңызды мәселелер қарастырылған. Енді кәмелетке толмағандарды кез келген көлік түрінен мәжбүрлі түрде шығарғандар, балаларын қауіпті жағдайда қалдырған ата-аналар және кез келген азаматқа қатысты буллингке жол бергендер әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

«Қылмыстық іс қозғалды»: Дана Нұржігіт екінші некесі сәтсіз аяқталғанын айтты 6 рет үйленген: Балаларын қорлаған емшінің қандай диагнозбен есепте тұратыны белгілі болды "Баламен қорқытты": марқұм Айгүл Сайлыбаеваның күйеуімен не себепті ажыраса алмағаны белгілі болды Елімізде тағы бір кәсіби мереке пайда болды Асырап алған балаларын қорлаған емшінің 31 жыл бұрын адам өлтіргені расталды "Адал еңбектің ақысы": Дариға Бадықова 90 миллион теңге тұратын Cadillac автокөлігін сатып алды Құжаты жоқ африкалықтар Алматыда заңсыз жұмыс істеп жүрген «Бриллиант пен бренд жауған той»: Айнұр Тұрсынбаева немересінің бір жасқа толу тойын дүркіретіп жасады Ауыл мектептеріне Starlink интернетін орнатуға қанша қаржы жұмсалды "Бір-біріне жаны ашымайды": тележүргізуші қазақ қоғамының мәдениетсіздігін атады Министр Майқайың туралы: Мәйіттерді табамыз деп тірі құтқарушылардан айырылып қалмайық Түркістанда шенеуніктер цифрландырудан ақша жасап, миллиондаған сомада пара алған «Шыдамның шегі бар»: өзінен 6 жас кіші әншіге тұрмысқа шыққан блогер оқырмандарын ойландырып қойды Атырауда азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған күдікті ұсталды «Не деген харизма»: Ләйлә Сұлтанқызы мектеп бітірген ұлына арнап жазба жариялады Қызылорда облысында 1500 пресс шөп жанып кетті Қазақстанда көлікті қайта тіркеу процесі жеңілдеді Қазақстанда ойын бизнесі және лотерея комитеті құрылады Алматыда өзге авторлардың әнін сатқан жалған композитор ұсталды “Құдай сана берсін”: Ақбота Керімбекова өзінің “Аппақ гүлдер” әнімен адам емдеген емшіге ашуланды