687

Алматыда Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының халықаралық конференциясы өтті

Пленарлық отырыста 110-ға жуық секциялар жұмыс жасады.

Алматыда Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының халықаралық конференциясы өтті
X әлеуметтік желісінен

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының қолдауымен «Тұран» университетінде Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамының (CESS) Халықаралық конференциясының пленарлық отырысы өтті.

Орталық Еуразиялық зерттеулер қоғамы – Еуразиялық аймақтың, оның ішінде Орталық Азия елдерінің және олардың көршілес мемлекеттері мен аумақтарының зерттеушілерін біріктіретін үкіметтік емес ұйым. Жыл сайын өткізілетін CESS конференциясы аймақта алғаш рет өтті.

Конференцияға әлемнің түкпір-түкпірінен (АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Португалия, Германия, Қытай, Сингапур, Жапония және Орталық Азия елдері) Еуразия елдері мен халықтарының тарихын, мәдениетін және заманауи дамуын зерттейтін 420-дан астам ғалымдар қатысты. Іс-шара аясында тақырыптық сессиялар мен дөңгелек үстелдерден бөлек, кеңестік Қазақстан тарихын зерттеуші, Мэриленд университетінің (АҚШ) профессоры Сара Кэмерон және кинотанушы, Тұран университетінің профессоры Гүлнар Әбікеева баяндама жасады.

Халықаралық ғылыми конференцияға қатысушыларға қызықты мәдени бағдарлама, оның ішінде К.Кужамьяров атындағы Ұйғыр академиялық музыкалық комедия театры әртістерінің қойылымдары, Қазақстан Суретшілер одағы мен Қолөнершілер одағы мүшелерінің жұмыстарының көрмелері, Іле Алатауына арналған фотокөрме, Орталық Азия жоғары оқу орындарының бағдарламаларының тұсаукесері ұсынылды. Конференцияда қазақстандық және қырғыз режиссерлерінің соңғы фильмдері де көрсетілді.

Материал авторы