Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын

14.06.2024, 20:22
570
Малайзия мемлекеттік басқару саласы бойынша тәжірибе алмасуға дайын Мемлекеттік басқару академиясы

Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нұр Джазлан Мохамед ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен екіжақты кездесуде болды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Бұл туралы Малайзия Парламенті Сенаты төрағасының міндетін атқарушы Нұр Джазлан Мохамед Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен кездесуде мәлімдеді.  

Малайзия – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі. Малайзияда муссондық жаңбырлар мен су тасқыны жиіболып тұрады. Малайзия Сенаты басшысының м.а. Академия қызметкерлерімен және тыңдаушыларымен кездесуде су тасқынымен күресу бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында тәжірибе алмасуға дайын екенін атап өтті.

«Су тасқынын басқару – өте маңызды іс. Қазақстан мұндай ауқымды су тасқынын күтпегенін түсінеміз, бірақ әлемде климаттық өзгерістерге байланысты нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны алдағы уақытта да болу ықтималдығы жоғары. Сондықтан Малайзия табиғи апат кезінде және одан кейін мемлекеттік қызметшілердің іс-қимыл алгоритмдерін жетілдіру үшін Қазақстанмен тәжірибе алмасуға дайын. Малайзия Мемлекеттік басқару академиясы тарапынан біз мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен коммуникативтік дағдыларын арттыру бойынша оқыту курстарын ұйымдастыруға әзірміз. Дағдарыс кезінде жұмыс істейтін мамандар білікті болуы керек және халықтың мұң-мұқтажын түсіне алуы керек», – деді Нұр Джазлан Мохамед.

Сондай-ақ спикер мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқаруды цифрландыру және мемлекеттік сектор жұмысында жасанды интеллектті пайдаланудың артықшылықтарымен бөлісті.

Академия ректоры Ерлан Әбіл Нұр Джазлан Мохамедке алғысын білдіріп, Малайзияның мемлекеттік басқару академиясымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға дайын екенін атап өтті. Кездесу соңында Академия тыңдаушылары мен қызметкерлері сұрақтарына жауап алды.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды