1149

Биыл Жетісу облысында 2 млн тонна ауыл шаруашылық өнімі жиналмақ

Биыл Жетісу облысында жоспар бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 584 млрд. теңгеден асады.

Биыл Жетісу облысында 2 млн тонна ауыл шаруашылық өнімі жиналмақ
Дмитрий Ерофеев, Жеңіс Ысқабай

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ауыл шаруашылық саласын қолдауға осы жылы 34,9 млрд теңге бөлінді, оның 23,2 млрд теңгесі – субсидия. Мемлекеттік қолдау шаралары 2,5 мыңға жуық субъектіге көрсетілген. Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының дерегінше, биыл өңірдегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 524,8 мың гектарға жетті. 432,5 мың га жаздық дақыл, оның ішінде дәнді дақылдар – 309,3 мың га, майлы дақылдар – 90,4 мың га, қант қызылшасы – 12,6 мың га, картоп – 10,9 мың га, көкөністер мен бақша дақылдары 9,3 мың га егілді.

Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1,2%-ға ұлғайып, 57,8 млрд.теңгені құрады. Жалпы 2024 жылы Жетісу облысында 2 млн.тонна ауыл шаруашылығы өнімін жинау жоспарлануда, ал жалпы өнім көлемін 584,4 млрд. теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр.

Материал авторы