Ақтөбеде көлігін сатуға шығып, жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

15.06.2024, 11:14
996
Ақтөбеде көлігін сатуға шығып, жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар болып шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбеде көлігін сатуға шығып, үйіне оралмаған әйел кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті 9 маусым күні көлік сатуға шығып, із-түзсіз кеткен 55 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

«Хабарлама түскен бойда жеке құрам шұғыл көтеріліп, жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылды. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Оның тұрғылықты жерінің гаражынан ұрланған автокөлік тәркіленді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 99, 192-баптары (кісі өлтірумен ұштасқан қарақшылық шабуыл) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,- деп хабарлады Ақтөбе облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ал жәбірленушінің денесі қала маңынан табылған. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған. Қазіргі кезде сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, 1969 жылы туған Клара Сұлтанбаеваны іздеу жұмысы 9 маусым күні басталды. Оған полициямен қатар еріктілер де жұмылды. Ол шамамен сағат 9:00-де шығып кетіп, хабарсыз қалған.

5 баланың анасы Тоқаевтан көмек сұрайды: экс-полицей күйеуім 12 жыл бойы ұрып, қазір қысымға алды (ВИДЕО) Елорда тұрғыны Бишімбаевтың үкімін жеңілдетемін деп 100 млн теңгені жымқыру бойынша күдікке ілінген Туыстарына 4 млрд теңге аударған: Жетісайда білім бөлімінің 41 шенеунігі тергеліп жатыр Нархоз университетіне Тұрар Рысқұловтың есімі қайтарылады Қазақстандық фермерлер 2024 жылы 114,7 млрд теңгеге мемлекеттік қолдау алған Абай облысында үлкен қойма өртке оранды «Бәсе» арнасының авторына қастандық жасағандардың бірі ұсталды – Бас прокуратура Ақтөбелік 54 жастағы азамат әйелін ұрғаны үшін үш жылға сотталды «Әкесі – неміс, анасы – қазақ»: Димаш Құдайберген жүзік таққан бойжеткеннің кім екені белгілі болды Алматыдағы сейсмология институты қызметкерлеріне жалақы төлей алмай, жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілген «Жұлдыз бекер ауырып жатқан жоқ»: әйелі сырқаттанған Қайрат Нұртас сынның астында қалды Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс жабылды — ІІМ Қазақстан жалақы бойынша екі жүзге жуық елдің ішіне 80-орында тұр Республика бойынша жел күшейіп, 6 өңірде күн қатты ысиды - Қазгидромет Тәжікстанда «ұлттық мәдениетке жат» киім киюге тыйым салынды «Күйеулерін масқаралайтындар көбейді»: Сара Тоқтамысова отбасылық жанжалға тек еркекті кінәлауға болмайтынын айтты «Далаға қуып шыққан»: Айгүл Сайлыбаеваның құрбысы оған күйеуінің көрсеткен қорлығы туралы айтып берді "Жедел жәрдем шақырттым": Мөлдір Әуелбекова денсаулығы сыр бергенін айтты (фото) "Арақ-шараптың бәрінде ою бар": KeshYOU тобының менеджері "ұлтымызды қорлады" дегендерге жауап берді «Қазақстан билігіне оның не қажеті бар»: Бәпи журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтты