Қыз зорлады деген айыппен сотқа тартылған блогер кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
15.06.2024, 15:58
951
Қыз зорлады деген айыппен сотқа тартылған блогер кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді жеке парақшасынан

Қыз зорлады деген айыппен сотқа тартылған блогер Думан Ерқанат мәлімдеме жасап, өз нұсқасын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қаржылық сауаттылыққа үйрететін блогер ешкімді зорламадым, келісіммен жақындастық деп отыр.

“Трейдинг саласына қатысты сұрақтармен Арайлым деген әйел хат жазып жүрді. Бастапқыда күдіктенбедім де, еш арам ойым болған жоқ. 2022 жылдың 4 желтоқсанында сағат 22:30-те жазды. Сөйлесіп отырып, не істеп жатқанымды сұрады. Мен үйде жалғыз фильм көріп жатқанымды айттым. Ол бірге көргісі келетінін тұспалдады. Мен қарсы болғам жоқ. Осылай жарты сағатта өз көлігімен үйіме келді. Бірге фильм қарадық. Әңгімелестік. Сонымен, қыз емеуірін танытып, қалауын білдірген соң жақындастық”, – деді Думан Ерқанат

Сөзінше, 01:30 шамасында қыз үйіне қайтқан. Арада екі сағат өткен соң үстінен арыз түсіпті.

“Ол менен 100 миллион теңге талап етті. "7 жыл өмірің менің  қолымда. Билікте де, сотта да ағаларым бар, бәрін шеше аламын" деп өктем сөйледі. Алғашында қылмыстық іс анықталмай, іс жабылды. Алайда екі айдан соң мені қамауға алды”, – деді трейдер.

Сөзінше, сот процесі 7 айға созылды. Ол қызды коммерциялық сайттар арқылы бопсалады деп отыр.

Бұған дейін жәбірленуші қаржы сауатын үйрететін блогерден зорлық көрдім деп редакциямыздан көмек сұраған. Соттың бірінші инстанциясы бойынша блогер қызды зорлағаны үшін сотталып, жәбірленушіге талап арызы үшін 3 миллион 117 мың теңге төлеуге міндеттелді және бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Алайда апелляция барысында блогер ақталып шықты және қыз бұған наразы екенін айтты. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады