1290

Желіге діни мазмұндағы сурет жүктеген әйел 130 мың теңгедей айыппұл арқалады

Атырау тұрғынына 129 мың теңге айыппұл салынды.

Желіге діни мазмұндағы сурет жүктеген әйел 130 мың теңгедей айыппұл арқалады
ic24.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желіде жүктеген суреті үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Aikyn.kz жазды.

Атырау облыстық сотынан жазғандай, қаланың әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі соты ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабы ("Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнаманы бұзу") бойынша істі қарады.

Атырау тұрғыны ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында діни мазмұндағы суретті көпшілікке жариялап, осы бапты бұзған.

"А.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдары, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, сарапшының қорытындысы, әңгімелесу хаттамасымен расталды", – делінген сот хабарламасында.

Әйелге 129 мың 220 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор