«Өздеріңіздің ұлттық киімдеріңіз қайда?»: Ерқанат Көпжасар арабтардың хиджабқа оранған қазақтар туралы ойын жайып салды
Белгілі журналист Ерқанат Көпжасар арабтардың қазақтар жайлы ойын ашық айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, журналист әлеуметтік желідегі парақшасында арабтардың қазақтарға қатысты ойын жазған.
Журналист Ерқанат Көпжасар Меккелік арабтар қазақтардың хиджаб киюіне қатысты теріс пікір білдіргенін жеткізді.
«Ағайын, дін деген киім бе — осыған жауап беріңіздерші?! Осыдан біраз жыл бұрын Мақсат бауырым Меккенің әкімімен кездескенде әлгі әкім Қағбаның маңында тұрып: “Қазақтар неге арапша киінесіздер? Өздеріңіздің ұлттық тамаша киімдеріңіз бар емес пе? Сіздер осылай араб ұлтына деген жеккөрініш туғызып жүрсіздер”, — дегенін естіп едік. Олар осындағы жұрттың ала-құла болып адасып жүргенін қайдан білсін», — деп жазды ол.
Материал авторы