«Ханзада Жумонг» рөлімен танымал актер қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді

Аиса Махамбет Редактор
16.06.2024, 19:55
1870
«Ханзада Жумонг» рөлімен танымал актер қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді ашық дереккөзден

«Жалғыз проблема тіл кедергі» дейді қазақты сомдауды армандайтын актер.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жуырда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға ресми сапармен келді. Осы сапар аясында екі ел өнерпаздарының гала-концертін "Ханзада Жумонг" рөлімен танымал актер Сон Иль Гук жүргізген болатын.

Елімізге екінші рет келген актер ҚазАқпарат тілшісіне сұқбат берді. Қазақстанға екінші рет келген Сон Иль Гук Қазақстаннан алған әсерін айтты. 

"Осыған дейін келгенде де, бұл жолы да уақыт өте тапшы болды. Сондықтан Қазақстан туралы көп мәлімет ала алмадым, өз көзіммен көре алмадым. Бірақ келердің алдында көп ақпарат оқып, мәдениеті мен табиғаты туралы, туристік орындары туралы бірталай іздендім. Алматының іргесіндегі Шымбұлақта шаңғы тепкім келіп еді. Бұл жолы да уақыт кестемнің тығыздығына байланысты ойға алғанымды іске асыра алмай кетіп бара жатқаным өте өкінішті", - деді ол. 

Бұл ретте актер алдағы уақытта Шымбұлаққа балаларымен бірге турист ретінде келіп, демалуы мүмкін екенін айтты. Сонымен бірге актер Қазақстан мен Корея бірлесіп кино түсірсе қазақ кейіпкерін сомдауға дайын екенін мәлімдеді. 

"Ондай ұсыныс келсе, мен үшін зор құрмет болатын еді. Біздің мәдениеттеріміз ұқсайтын болғандықтан, ондай рөлді жақсы сомдап шығуға дайын болар едім. Жалғыз проблема тіл кедергісі шығар. Тілдегі алшақтық қиындық туғызбаса, қазақ кейіпкерін ойнау, әсіресе тарихи фильмге түсу менің қолымнан келетін еді деп ойлаймын.

Кореяда адам саны көп болғанымен, Қазақстанға қарағанда жері шағын. Бос жер жоқ деуге болады. Қайда барсаң да ғимаратқа толы. Сол үшін бізде тарихи фильмдер түсіретін орын тапшы. Ал мұнда жер кең, сәйкесінше, локация көп. Тау керек пе, орман керек пе, шөл керек пе, көл керек пе – бәрі бар. Соны байқап осындай тарихи фильм түсірсе ғой деген ойға қалдым. Әрине, Қазақстан режиссерлерінен ұсыныс алғаным жақсы ғой, бірақ кореялық түсіру тобы Қазақстан жеріне келіп, кино түсірсе қалай болар еді деген оймен кетіп барамын. Бұл – нақты жоспар емес. Осы жолғы сапарда санамда осындай бір ой жылт етті", - деді Сон Иль Гук. 

Одан бөлек, "Ханзада Жумонг" қазақтың ұлттық тамағы "бешбармақты" ұнатқанын айтты. Енді ол лағманды жеп көргісі келеді екен.

"Оның дәмі ерекше деп көп естідім. Қазақстан қой етін дәмдеп ұсына алатын ел ретінде танымал болғандықтан, осы жердің кәуабын бір асықпай отырып жегім келеді. Шымбұлаққа балаларымды ертіп келіп жатсам, үшеміме сол қазақ кәуабының дәмін татқызғым келеді", - деді актер. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады