911

Таразда құбыр жөндеу үшін қазылған шұңқырға көлік түсіп кетті

Тараз көшелерінің бірінде құбыр жөндеу жұмыстары үшін қазылған терең шұңқырға көлік түсіп кетті.

Таразда құбыр жөндеу үшін қазылған шұңқырға көлік түсіп кетті
Бейнежазбадан

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 маусымда сағат 17:50-де Төле би даңғылынан Абай даңғылы бағытындағы «Лексус RX300» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 3.1 Кіруге тыйым салынады және 1.23 Жөндеу жұмыстары атты жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен.