749

Министр Майқайың туралы: Мәйіттерді табамыз деп тірі құтқарушылардан айырылып қалмайық

Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Майқайың кенішінде автобуспен ойыққа құлап кеткен құтқарушыларды іздеу бойынша пікір білдірді.

Министр Майқайың туралы: Мәйіттерді табамыз деп тірі құтқарушылардан айырылып қалмайық
Павлодар облысы ТЖД
 

«Майқайыңалтын» акционерлік қоғамында қазіргі таңда құтқарушыларға қауіп болғандықтан, олардың жұмысы тоқтатылғанын білесіздер. 13 мамырдан бастап дайындық шаралары жүріп жатыр, оның ішінде тау-кен жұмыстары, құлаған топырақтың солтүстік-шығыс бөлігін кеңейту жұмыстары әлі жалғасуда. Бұл жұмыс бітіп, құтқарушыларға қолайлы жағдай туған соң іздеу жұмыстары жалғасады. Нақты уақытын айта алмаймын», — деді министр Үкімет үйінде өткен брифингте.

«Министр ретінде міндетті түрде іздеу жұмыстарын жандандырамыз, із-түссіз кеткендерді табамыз деп уәде бере аласыз ба?» деп сұрақ қойды тілшілер.

«Бұл — мәйіттерді шығарамыз деп тірі құтқарушылардан айырылып қалмайық деген ой, сондай мақсатпен бүкіл қауіпсіздік шараларын қабылдап жатырмыз. Сондықтан түсінулеріңізді сұраймыз», — деді Шыңғыс Әрінов.