СҚО-дағы балабақшалардың бірінде бюджеттен 11,2 млн теңге ұрланған

18.06.2024, 18:30
551
СҚО-дағы балабақшалардың бірінде бюджеттен 11,2 млн теңге ұрланған canva.com

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары балабақшаларда балалардың құқығы бұзылғанын анықтады.

 

СҚО прокуратурасының мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарды тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру деректері, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтамау фактілері анықталды. Айыртау ауданындағы мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражаты ұрланған. Аудандық прокуратура «Сенiп тапсырылған біреудің мүлкін иемденiп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Аққайың, Тайынша аудандарының балабақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, іс жүзінде балабақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген. Яғни тәрбиеленушінің ауырғаны туралы медициналық анықтама немесе ата-анасынан арыз болмаған. Салдарынан бюджеттен 17 миллион теңге қаражат негізсіз алынған.

Облыстағы барлық дерлік балабақшаларда санитарлық және өртке қарсы ережелер сақталмаған. Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтеліп, заңбұзушылық жойылды.

Жалпы, жыл басынан бері прокуратура 15 мың баланың құқығын қорғап, нәтижесінде 300-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды