Белгілі блогер Думан Ерқанат қамауға алынды

19.06.2024, 09:45
581
Белгілі блогер Думан Ерқанат қамауға алынды Думан Ерқанат

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы танымал қаржы саласында трейдер,  блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Бұл туралы Жоғарғы сот мәлім етті. 

Сот процесі жабық режимде өтті.

Мәлім болғандай, бұған дейін өткен бірінші соттың үкімімен Думан қыз зорлады деген күдікпен айыпталып, кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған болатын.

«Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Думанның кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады», - делінген сот хабарламасында.

Заң талаптарына байланысты басқа ақпарат ұсынылмайды. Жоғарыда айтылғандардың негізінде кассациялық алқа ақтау үкімін бұзып, бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімін күшінде қалдырды.

Қыз зорлады деген күдікке ілінген блогер бірнеше күн бұрын Instagram-дағы парақшасына жазба жариялап, жазылушыларына мән-жайды түсіндіргісі келетінін жеткізген еді. Оның айтуынша, 2022 жылдың 4 желтоқсанында түнгі  22.30 шамасында қыздың өзі хабарласып, не істеп жатқанын сұраған. Фильм қарап жатқанын айтқан блогерге қыз келетінін жазып, бірден көлігімен үйіне өзі келген. 22.50 шамасында Думанға өз еркімен жетіп келген бойжеткен төсекке ыңғай танытып, қалауын білдірген. Алайда, арада екі сағат өткеннен кейін бойжеткен полицияға «мені зорлады» деп шағымданып, блогерден қомақты қаражат талап еткен.

«Сағаты – 100 миллион теңге»: Тұрсен Алагөзовтің бір күндік образы белгілі болды «Алматының түндері-ай»: Қайрат Нұртас орындайтын әннің авторы туындының қалай хитке айналғанын айтты Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады