Тасқыннан жапа шеккен 6 өңірде қанша үй салынып, неше мектеп жөнделді

19.06.2024, 11:03
588
Тасқыннан жапа шеккен 6 өңірде қанша үй салынып, неше мектеп жөнделді ҚР Үкіметі

Вице-премьер тұрғын үй қорын, әлеуметтік нысандарды, жол және инженерлік инфрақұрылымды, электр энергетика, байланыс, шағын және орта бизнес нысандарын қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

 

Кеңеске бейінді министрліктердің өкілдері, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.

Ақмола облысында бүгінгі таңда 273 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. Атбасар қаласында көппәтерлі үйлер салынуда, онда қазан айында 165 отбасы қоныстануды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, су тасқынынан зардап шеккен үш ауданда 108 жеке үй салынып жатыр. 143 отбасы үшін тұрғын үй сатып алынды. Ресімдеу сатысында тағы 45 пәтер бар. Облыста екі мектеп пен балабақша қалпына келтірілуде.

Ақтөбе облысында барлық зардап шеккен үйлерге бағалау жүргізілді, 1840 үй бойынша залал өтелді. 250 үй сатып алынды, тағы 88-і бір апта ішінде сатып алынады. Өңірде 22 әлеуметтік нысанды қалпына келтіру қажет.

Екі мектеп пен үш балабақша құрылысы жүргізілуде. Жол инфрақұрылымы мен көпірлер қалпына келтірілуде. Алдағы уақытта 76 ШОБ субъектісіне көмек көрсету қажет.

Атырау облысында зардап шеккен 2663 үйдің 2599-ы бойынша залалды өтеуге шарттар жасалған. 69 ШОБ субъектісіне көмек көрсетілді.

Зардап шеккен малға келтірілген залал толығымен өтелді. Инженерлік инфрақұрылым бойынша проблемалар жойылды, жолдар жөнделуде, үш мектеп қалпына келтірілуде, тағы бір мектеп қайта салынады.

Батыс Қазақстан облысында 13 әлеуметтік нысан жөнделуде. Жолдар мен көпірлер қалпына келтірілуде. 570 саяжай үйін зерттеу жалғасуда.

Қостанай облысында барлығы 468 үй жөндеуге жатпайды. 153 жаңа үй салынуда, қалған зардап шеккендерге бір апта ішінде тұрғын үй сатып алынады.

Арқалық қаласында 50 пәтерлі үй салынуда. Осылайша, тұрғын үй қоры бойынша барлық жұмыстар 1 қыркүйекке дейін аяқталады. Инженерлік және жол инфрақұрылымы жөнделуде, айналма бөгет салынуда.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан 165 ШОБ субъектісі зардап шекті, залалды өтеуге өтінімдер қабылдануда. 620 үйдің құрылысы басталды.

100 үй беріліп, 391 отбасыға пәтер сатып алып берген. Петропавлдағы жолдар мен сорғы станцияның жөндеуі басталды.

Есептерді тыңдап, Қанат Бозымбаев су тасқыны салдарын жою қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне вице-премьер зардап шеккендерге тұрғын үй тапсыру мерзімін бұзбау жөнінде еске салды. 

Мектептер мен балабақшаларды оқу жылының басында пайдалануға беру де ерекше бақылауда.

Әкімдіктер қалпына келтіру қарқыны бойынша есептерді күнделікті негізде тапсыруы тиіс.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді